Калибаф: АҚШ бізбен ешқашан тіл табыса алмайды
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы АҚШ-тың Иранмен ешқашан тіл табыса алмайтынын қуаттап: «Біз ешқашан Ислам революциясының мақсаттары үшін ешкіммен саудаласпаймыз»,- деді.
IRNA-ның хабарлауы бойынша, Мұхаммед Бақер Қалибаф бүгін таңертең Теһранда өткен Махдави белсенділерінің үшінші халықаралық отырысында Иран Ислам революциясы жетекшісінің «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде бұл революцияны әлемдегі жаңа жолдың бастама деп атағанын еске салып: «Бұл революция әлемнің кез келген жерінде имам Хомейнидің атымен белгілі. Бүгін Ислам мен мұсылмандардың абыройын қалпына келтірген Иран Ислам революциясы болды. Қасиетті қорғаныс кезінде сионистік режим шекарамызда бізге қарсы тұруға үміттенді. Бірақ бүгін Ислам үмбетінің Голан жоталарында олармен соғысып жатқанын көріп отырмыз. Батыс Азияда миллиардтаған шығынға ұшыраған америкалық гегемонияға қарсы тұрып, оны дағдарысқа тірей алған Мәһдаваят мәдениеті.