Иран Батыс Азиядағы кіндік қанының дің жасушаларының ең үлкен қорына ие
ParsToday - Иранның Роян ғылыми-зерттеу институтының профессорлық-оқытушылық құрамының мүшесі: «Royan Foundations Technology компаниясының қазіргі ең маңызды бастамасы кіндік қанының дің жасушаларын сақтау болып табылады»,- деді.
Дің жасушаларының құнды көзі ретінде кіндік қаны қан ауруларын емдеуде маңызды рөл атқарады.
ParsToday агенттігінің ISNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның Роян ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы Мортеза Зараби бұл банктің қазір Батыс Азия аймағындағы кіндік қанын сақтайтын ең үлкен қоры бар екенін хабарлады. Иранның Royan кіндік қанының дің жасушалары қорының бас директоры банктің қызметіне сілтеме жасап: «Royan Foundations Technology компаниясының қазіргі уақыттағы ең маңызды әрекеті – кіндік қанының дің жасушаларын сақтау»,- деді.
Зараби кіндік қанының дің жасушаларының әртүрлі қан ісіктері, туа біткен анемиялар, талассемия және иммундық жүйе кемшіліктері сияқты қан текті ауруларды емдеуде қолдануға болатынын айтып: «Бұл жасушалар қан аурулары бар науқастарда сүйек кемігін ауыстыра алады»,- деді.
Ол: «Біз жыл сайын 20000-нан астам кіндік қан үлгілерін сақтаймыз», - деп қосты. Иранның Роян ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы басқа елдерден алынған үлгілердің сақталуына тоқталып: «Отандық үлгілерге қоса, басқа елдердің көптеген үлгілері де Иранда сақталды, қазір біз шамамен 250 мың кіндік қан үлгілерін сақтауға қол жеткіздік. Бұл жинақ трансплантация орталықтары үшін құнды қор болып табылады»,- деп мәлімдеді.