Аятолла Хатами: Басқарушылар кеңесінің Иранға қарсы қарарының мақсаты – ұпай жинау
(last modified Sat, 11 Jun 2022 09:07:12 GMT )
Маусым 11, 2022 15:07 Asia/Almaty

Теһран жұма намазының имамы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Басқарушылар кеңесінің Иранға қарсы қарарының мақсаты ұпай жинау деп атады.

Аятолла Сейед Ахмад Хатами АҚХА Басқарушылар кеңесінің Иранға қарсы қарар шығаруына тоқталып: «Ақырында, Агенттік Бас директорының қате есебімен АҚШ, сионистік режим және кейбір Еуропа елдері Иранға қарсы қарарды шығарды. АҚХА  Бас директоры осы қарарды жарияламас бұрын сионистік режим басшысымен кездесуге барды, яғни бұл қарар Агенттік Бас директорының сионистік режиммен толық келісуімен жасалған және шығарылған. АҚХА-нің  Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық әрекеттері туралы ақпараты сионистік режим тарапынан берілген және мүлдем бейтарап емес.