Маусым 11, 2022 19:36 Asia/Almaty

ИИР президенті Теһран мен Каракастың дұшпанға қарсы тұру стратегиясын қарсылық деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Ибрахим Раиси сенбі күні Теһранда Николас Мадуромен бірлескен баспасөз мәслихатында: «Иран әрқашан сыртқы саясат саласында тәуелсіз елдермен қарым-қатынас орнатуға ұмтылды, ал Венесуэла дұшпандар мен империализмнің санкцияларына тойтарыс беріп, үлгілі қарсылық көрсетті. Өткен 42 жылда Иранға қарсы санкциялар мен қоқан-лоққылар көп болды және Иран халқы санкцияларды елдің ілгерілеуі үшін мүмкіндікке айналдыруға шешім қабылдады. Ақ үй өкілінің мәлімдеуінше, Иранға максималды қысым жасау сәтсіз аяқталды және бұл Иранның  - жеңіс   және дұшпандардың - жеңілу нүктесі»,- деді.

Венесуэла президенті Николас Мадуро бұл баспасөз отырыста: «Иран мен Венесуэла арасындағы ынтымақтастық үшін энергетика, мұнай-газ, мұнай-химия және мұнай өңдеу зауыттары сияқты әртүрлі маңызды салалар бар»,- деді. Венесуэла президенті сонымен қатар 18 шілдеде Каракас-Теһран және керісінше тікелей рейс ашылатынын хабарлады.

 

Тегтер