Алтын жіппен тоқу - Иран халқының құнды өнер түрі
https://itolqyn.com/news/iran-i61758
Алтын жіппен тоқу - Исфахан облысының құнды қолөнер түрлерінің бірі. Бұл текті ирандық өнер тарих бойында ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталып келеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 13, 2022 17:54 Asia/Almaty

Алтын жіппен тоқу - Исфахан облысының құнды қолөнер түрлерінің бірі. Бұл текті ирандық өнер тарих бойында ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталып келеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, Исфаханға сапар шегіп, Шейх ул-Исламның тарихи үйіне барып, ұстаз Мехди Шамсəлидің алтын жіппен тоқу өнеріне махаббаты мен қызығушылығын көрмеген адам кемде-кем.

Ұстаз Мехди Шамсəли жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп,  Сасанилер дәуірінен қалған осы əдемі де құнды өнерді келешек ұрпаққа сақтап қалуға талпынды. Алтын жіппен тоқу айрықша шеберлікті қажет етеді. Онда алтын, күміс жəне жібек жіптер қолданылады.