Коронавирус: Ирандағы жағдай
Маусым 13, 2022 18:44 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде Covid-19-дан 2 адамның көз жұмғанын хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте (дүйсенбі) 192 адамнан Covid-19 анықталды және олардың 32-сі ауруханаларға жатқызылды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7233880 адамға, көз жұмғандар саны 141352 адамға жетті»,- деп мәлімдеді.
Иранда осы күнге дейін 7059253 адам жазылып, ауруханалардан шықты.
Тегтер