Иран босқындарды Ұлыбританиядан Руандаға мәжбүрлеп депортациялауға реакция білдірді
(last modified Wed, 15 Jun 2022 14:25:19 GMT )
Маусым 15, 2022 20:25 Asia/Almaty
  • Иран босқындарды Ұлыбританиядан Руандаға мәжбүрлеп депортациялауға реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы пана іздеушілердің Ұлыбританиядан Руандаға күштеп депортациялануын ел үшін тарихи ұят деп атап: «Бұл адамдарды үшінші елдерге жіберу – босқындарды қорғаудың халықаралық режимінің қалған бөлігін жойып жіберетін қауіпті процедура»»,- деді.

Британия үкіметі босқындарды 6000 км қашықтықтағы жерге (Руанда) жіберу арқылы Австралияның бұрынғы саясатына еліктеуге ниетті.

«Fars» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Саид Хатибзаде сейсенбі күні кешке Ұлыбританиядан Руандаға босқындарды күштеп депортациялау және олардың кейбірінің Иран азаматтығы туралы жарияланған хабарға реакция білдіріп: «Болып жатқан оқиға Ұлыбритания үшін және өздерінің отаршылдық тарихын жасырып, тазарту үшін барын салғандар үшін тарихи ұят. Болып жатқан оқиға Иранға қарсы алдау мен ақпарат құралдарының жүйелі қастықтарының екінші жағында»,- деді.