Иранның мұнайдан басқа экспорты санкцияларға қарамастан 8,2 миллиард долларға жетті
ParsToday – Иранның соңғы екі айдағы (сәуір және мамыр) мұнайдан басқа экспорты санкцияларға қарамастан 8 миллиард 241 миллион долларға жетті.
Иран Кеденінің басшысы Форуд Асгари: «Иранның мұнайдан басқа экспорты өткен екі айда (сәуір және мамыр) 24 миллион 622 мың тоннаға жетіп, 8 миллиард 241 миллион долларды құрады»,- деп хабарлады. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Асгари былай деп қосты: «Экспортталған тауардың бұл көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салмағы жағынан 4,4 пайызға артты».
Оның айтуынша, Қытай 2 миллиард 425 миллион доллар, Ирак 1 миллиард 500 миллион доллар, БАӘ 1 миллиард 940 миллион доллар, Түркия 673 миллион доллар, Ауғанстан 374 миллион доллар, Пәкістан 322 миллион доллар және Оман 305 миллион доллармен Иранның соңғы екі айда мұнайдан басқа экспортын жүзеге асыратын жеті негізгі бағыт болды.
Айта кетейік, Дүниежүзілік банктің 2024 жылғы есебіне сәйкес, аймақтағы геосаяси шиеленістерге қарамастан Иран соңғы үш жылда бес пайыздан астам экономикалық өсуді тіркеді және осы кезеңде жұмыссыздық деңгейі 7,4 пайызға дейін төмендеді.