Раиси: Санкциялар Иранға шектеу қоймады
ИИР Президенті: «Жиһадтық қозғалысқа сүйене отырып, біз санкциялардан шығу жолға түсіп, шектеулер жасаудың алдын алдық»,- деді.
Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жұма күні Теһрандағы жиһад пен прогресс ядроларының халықтық жиынында Иран Ислам революциясы жетекшісінің әрдайым жиһадтық әрекеттерге баса назар аударғанын айтып: «Егер біз санкциялардан шығудың жолын таба алсақ, бұл жиһадтық әрекет болар еді»,- деп қуаттады. Раиси өз сөзінің тағы бір бөлігінде: «Америкалықтардың өздері максималды қысымдарының сәтсіздікке ұшырағандарын мәлімдеді. Бұл Ислам революциясының жеңіс пен ілгерілеу жолында, ал АҚШ-тың құлдырау мен әлсіздік жолында екенін білдіреді»,- деп мәлімдеді.