Раиси: Иран мен Қазақстанның сауда көлемін 3 миллиард долларға жеткізуге әлеуеті бар
ИИР Президенті Қазақстан Президентімен бірлескен баспасөз мәслихатында екі елдің сауда көлемін 3 миллиард долларға жеткізуге жақсы мүмкіндіктері бар екенін қуаттады.
Иран Президенті Ибрахим Раиси қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында қазақстан Президентінің Иранға сапарын екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуындағы бетбұрыс кезеңі деп атап: «Бүгін қол қойылған немесе бұдан бұрын екі ел арасында қол қойылған меморандумдар Иран мен Қазақстанның қарым-қатынастарды дамытуға деген ерік-жігерінің маңызды белгісі болып табылады. Екі ел арасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-транзит, энергетика, мұнай-газ салаларында кең ауқымды ынтымақтастық орнатуға болады. Иран Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастардан бөлек, екі ел мен аймақтағы елдердің, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық одақ сияқты аймақтық ұйымдардағы аймақтық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты кеңейтуге бел байлауда»,- деді.
Кездесуде Қазақстан Президенті екі жақтың экономикалық-сауда қарым-қатынастарын нығайту мақсатында транзиттік және жүк тасымалы саласындағы қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануға мүдделі екенін айтты. Тоқаев екі елдің темір жолдарының байланысына тоқталып, оны аймақ үшін маңызды деп сипаттай отырып: «Бүгін біз екі ел арасындағы қарым-қатынас деңгейін арттыруда тиімді рөл атқара алатын өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы да жақсы келіссөздер жүргіздік»,- деді.