Амир Абдуллахиан: Ауғанстан Гильмендтің су құқығы мәселесін шешуі керек
(last modified Sat, 25 Jun 2022 09:20:32 GMT )
Маусым 25, 2022 15:20 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Ауғанстан Гильмендтің су құқығы мәселесін шешуі керек

Иран Сыртқы істер министрі Хқсейн Амир Абдуллахиан жұма күні кешке Талибан қозғалысының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амирхан Моттақимен телефон арқылы сөйлескен кезде Ауғанстанның басқарушы органын Иранның Хелменд суы құқығы мәселесін шешуде шынайы ынтымақтастыққа шақырды.

 

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Абдуллахиан Иран үкіметі мен халқының Хост пен Пактикадағы жуырдағы жер сілкінісінің құрбандарына деген жанашырлығын қуаттап: «Ауғанстанның Басқарушы кеңесі екі елдің Иранның су құқығы және шекаралық сулар саласындағы міндетті келісімдеріне сәйкес өзара міндеттемелерін орындауда қажетті және байыпты ынтымақтастыққа ие болуы керек. Осы мәселені шешу арқылы оның екі ел мен халық арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту факторына айналдыра алады»,- деді. Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы қазіргі күрделі жағдайда осы елдің халқына Иранның ауқымды көмек көрсетуін қадірлеп, өз елінің ИИР-мен қарым-қатынастарын дамыту және кеңейту жолындағы талпыныстарына тоқталды.

Амирхан Моттақи сондай-ақ екіжақты кеңесулердің жалғасуын және Иранның су құқықтарын мәселесін шешу үшін Ислам республикасының Энергетика министрлігінен мамандандырылған делегацияның жөнелтілуін құптады.