Иран Сыртқы істер министрінің Түркия сапарына шолу
(last modified Tue, 28 Jun 2022 13:08:06 GMT )
Маусым 28, 2022 19:08 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрінің Түркия сапарына шолу

Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні Анкараға сапары барысында Түркия президенті және Сыртқы істер министрімен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық пен аймақтық мәселелерді талқылады.

 

Хосейн Амир Абдуллахиан «түрік әріптесімен бірлескен баспасөз мәслихатында екі ел арасындағы жан-жақты саяси, экономикалық, қауіпсіздік, әскери, мәдени және туристік ынтымақтастық туралы бірлескен келіссөздердегі өзекті мәселелерге сілтеме жасай отырып, Иран-Түркия ынтымақтастығының ұзақ мерзімді стратегиялық құжатын дайындау туралы хабарлап: «Осы сапар барысында біз Түркияға ұсыныс жасап, екі ел президенттері осы құжатты пысықтау және қол қою үшін бірлескен комиссиялар құру туралы келісімге келдік»,- деді. Иран мен Түркия билігінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – «жан-жақты және ұзақ мерзімді жол картасын» жасау арқылы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту қажеттілігі. Бұл құжатқа Түркия президентінің алдағы Теһран сапары кезінде екі елдің ресми өкілдері қол қоюы мүмкін. Екі елдің ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жол картасын белгілеудегі талпыныстары Иран  мен Түркияның қарым-қатынасында жаңа кезеңді белгілеуі мүмкін. Екі ел бұған дейін 2015 жылға қарай сауда көлемін 30 миллиард долларға дейін ұлғайтады деп болжаған болатын, бұл АҚШ-тың заңсыз санкциялары мен коронавирустың өршуіне байланысты жүзеге аспады. Иран Ислам Республикасы мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың тұрақтылығына қарамастан, екі ел кейбір аймақтық мәселелерде келіспеушілік танытып отыр. Түркияның лаңкестікпен күресу сылтауымен Сирияның солтүстігі мен Иракқа жасаған шабуылдары аймақтағы келіспеушіліктердің бірі. Иран Сирия мәселесін саяси жолдармен шешу қажеттігін қуаттап, Амир Абдуллахиан Анкараға жақында жасаған сапары кезінде Түркияның қауіпсіздік алаңдаушылықтарын түсінуге болады деп тауып: «Біз Сириядағы өзгерістер Астана үдерісі бойынша қарастырылуы және қауіпсіздік мәселелер  диалог арқылы шешілуі керек деп санаймыз»,- деді.

Су ресурстары, атап айтқанда, Арас өзенінің суын 1 миллиард 600 миллион текше метрге азайтып, Иранның экологиясының бір бөлігіне зиян келтіргені айтылған Қарақорт бөгеті мәселесі, сондай-ақ, шаң дағдарысын күшейтіп, Иранның бір бөлігіндегі ауылшаруашылық алқаптарының жойылуына әкелетін Тигр өзеніндегі Ілесу бөгетінің су алуы және аяқталуы Түркия мен Иран   арасындағы тағы бір мәселе.  Екі елдің билігі оны шешумен айналысуда. Иран мен Түркия арасында «жан-жақты және ұзақ мерзімді жол картасына» қол қою экономикалық қарым-қатынастарды кеңейте отырып, екі ел арасындағы қайшылықтарды азайтуға жол ашатыны анық. Бұл аймақтық тұрақтылық үшін де маңызды. Қазіргі уақытта екі елде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және туризм, мұнай, газ және мұнай-химия салаларында Иран мен Түркия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеуде қарастыруға болатын түрлі қуаттар бар. «Аймақтық мәселелер бойынша сарапшы Әли Мусави Халхали: «Иран мен Түркия келіспеушіліктерді шешуге тырысуда. Екі тарап даудың ауқымы бақылаудан шығып кетпеуге және байыпты жақсарту үдерісін ұстануға табанды түрде тырысуда. Атап айтқанда, Иранның он үшінші үкіметі көршілерімен қарым-қатынасты жақсартуға мән беріп, оны өзінің басымдығы деп санайды»,- деді.