Раиси: Иран мен Катар билігі арасындағы қарқынды консультациялар екі ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыру үдерісіне оң әсер етті
Иран Президенті Катар Әмірімен телефон арқылы сөйлесуінде соңғы айларда Теһран мен Доха басшылары арасындағы көптеген және қарқынды дипломатиялық кездесулер мен кеңесулерге тоқталып: «Бұл кездесулер мен кеңесулер екі ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыру үдерісіне оң әсер етеді»,- деді.
IRNA мәліметі бойынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні кешке Шейх Тамим бин Хамад әл-Танимен телефон арқылы сөйлесіп, оны, Катар үкіметі мен халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтап: «Осы ұлық айт мерекесінде Алла Тағала Иран мен Катар халқына және Ислам үмбетіне нығметтерін жібереді деп үміттенемін»,- деді.
Осы телефон сұхбатында Катар Әмірі де Раисиді, Иран үкіметі мен халқын және Ислам революциясының жетекшісін Құрбан айт мерекесімен құттықтап: «Осы айт берекесінің арқасында Катар мен Иран халықтары мен мұсылман халықтары жақсылық пен нығметтерге бөленеді деп сенемін»,- деп айтты