Қалибаф: АҚШ аймақта сионистік саясатты жүзеге асыруда
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің Төрағасы АҚШ-ты аймақтағы сионистік саясаттың орындаушысы атады.
Мұхаммад Бақер Қалибаф: «Аймақтағы Израиль саясатының орындаушысы болу АҚШ президенті Джо Байденнің стратегиялық қателігі болады, бұл бәрінен бұрын Байден үкіметіне зиянын тигізеді»,- деді.
Қалибаф АҚШ президентінің аймаққа алдағы сапары туралы: «Байденнің сапары сионистердің толық ынтымақтастығымен жүзеге асты және АҚШ президенті аймақ халықтарының басты дұшпаны ретінде сионистік режим егжей-тегжейлі түрде жобалап, жазып берген бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда»,- деді. Иран Мәжілісінің Төрағасы: «НАТО-ны шығысқа қарай кеңеюі және күшті геосаяси ескертулерді елемеу Украина соғысының басталуына әкелді. Қазір Батыс Азия мен Парсы шығанағының сезімтал аймағына қатысты осындай бейқамдық орын алуда. Израиль тіпті өзінің ішкі саяси ортасын басқаруға қауқарсыз, заңсыз және тұрақсыздандыратын саяси құрылым»,- деп мәлімдеді.