Қалибаф: Иран көршілерімен 200 миллиард долларлық сауданы мақсат етті
(last modified Wed, 13 Jul 2022 09:11:56 GMT )
Шіл 13, 2022 15:11 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы ИИР-ның көрші елдермен сауда айналымын 200 миллиард долларға жеткізуді мақсат еткенін хабарлады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Бақер Қалибаф сәрсенбі күні Ташкентте Өзбекстанда тұратын ирандық кәсіпкерлер мен өндірушілермен кездесіп, аймақ елдерімен және көршілермен алмасуды арттыру Иранның сыртқы саясатының басымдылығы екенін баса айтып: «Бұл мәселеге Ислам революциясының жетекшісі баса назар аударды және ол жоғарыдағы құжаттарда жазылады. Иран инженерлік және білімге негізделген қызмет көрсету саласында жоғары мүмкіндіктерге ие. Жылдамдық, дәлдік және сапа тұрғысынан бар мүмкәіндіктерді ескере отырып, Өзбекстанда бұл салаларда көбірек үлес алуға болады»,- деді.