Раиси: Иран халқымен күш көрсету тілімен сөйлесуге ешкімнің құқығы жоқ
(last modified Wed, 13 Jul 2022 11:11:51 GMT )
Шіл 13, 2022 17:11 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран халқымен күш көрсету тілімен сөйлесуге ешкімнің құқығы жоқ

ИИР Президенті Ислам республикасының өзінің заңды және қисынды ұстанымдарынан қайтпайтынын мәлімдеп, ешкімнің Иран халқымен күш көрсету тілімен сөйлесуге құқығы жоқ екенін қуаттады.

 

IRNA мәліметі бойынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күнгі үкімет отырысында американдықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты соңғы сөздеріне реакция білдіріп: «Америкалықтар «Иран  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралуы керек» дейді.    Ислам Республикасы бұл келісімнен ешқашан шыққан жоқ және оны бұзған АҚШ-тың өзі»,- деді. Раиси АҚШ Мемлекеттік хатшысының баспасөз өкілінің «Иранға қысым жасау еш нәтиже бермеді және сәтсіздікке ұшырады» деген мәлімдемелеріне сілтеме жасап,  америкалықтарға максималды қысым жасаудың сәтсіз тәжірибесін қайталаудың орнына шындықтарды көріп: «Иран ұлтына барынша қысым жасаудың сәтсіз тәжірибесін қайталаудың орнына, фактілерді көріп, өткеннен сабақ алыңдар»,-  деген  ақыл-кеңес берді. Иран Президенті АҚШ басшыларының аймаққа сапарына тоқталып: «АҚШ басшыларының аймақ елдеріне сапарлары сионистік режимнің ұстанымын нығайту және осы режимнің кейбір елдермен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру болса, олардың талпыныстары ешбір жағдайда сионистер үшін қауіпсіздік тудырмайды»,- деді.