Иран Байден мен Лапидтің мәлімдемесіне реакция білдірді
(last modified Fri, 15 Jul 2022 11:10:11 GMT )
Шіл 15, 2022 17:10 Asia/Almaty
  • Иран Байден мен Лапидтің мәлімдемесіне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Байден мен Лапидтің мәлімдемесіне реакция білдіріп, Twitter-де: «Жалған Израиль үкіметі АҚШ президенттері сапарының алғашқы аялдамасы болып, бірінші мақсаты оның қауіпсіздігі мен басымдылығын сақтау болғанша, аймақтағы халықтар мен елдер бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштыққа қол жеткізе алмайды»,- деп жазды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани бейсенбі күні Twitter парақшасында АҚШ президенті Джо Байден мен Израиль премьер-министрі Яир Лапидтің ортақ мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Байден мен Лапидтің бірлескен мәлімдемесінде «АҚШ-тың Израильдің қауіпсіздігі мен әскери артықшылығын сақтауға тұрақты және берік міндеттемесі» атап өтілді.  Қателеспеу  керек. Бұл шабуылдардың нысанасы тек Иран ғана емес, сонымен қатар сионистік режимнің артықшылығын әрқашан мойындауы тиіс араб және ислам елдері. Демек, аймаққа қауіп төндіретін негізгі қайнар көзі анық»,- деп мәлімдеді.