Канани: Байденнің Иранға қатысты сөздері Вашингтонның арандату саясатына сәйкес келеді
(last modified Sun, 17 Jul 2022 09:28:57 GMT )
Шіл 17, 2022 15:28 Asia/Almaty
  • Канани: Байденнің Иранға қатысты сөздері Вашингтонның арандату саясатына сәйкес келеді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ президентінің Батыс Азия аймағына сапары кезінде ИИР-на қарсы жарияланған кейбір сөздері мен айыптауларын, соның ішінде оның Джидда кездесуіндегі мәлімдемелерін негізсіз деп атап: «Бұл жалған мәлімдемелер Вашингтонның аймақтағы шиеленісті тудыратын саясатына сәйкес келеді»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани АҚШ-тың ядролық бомбаны қолданған алғашқы ел болғанына, аймақ елдерінің ішкі істеріне үздіксіз араласу, әскери басып алу мен басқыншылық, қаруды жаппай сату және аймақты милитарландыруына тоқталып: «АҚШ аймақта шиеленіс пен дағдарыс тудыруға тырысып, Ираннан үркіту сәтсіз саясатына тағы да жүгінді»,- деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ АҚШ үкіметінің сионистік режимді ондаған жылдар бойы соқыр және шексіз қолдауына сіотеме жасап: «Сөзсіз, АҚШ үкіметі Палестина жері мен қасиетті Құдсты  басып алуды жалғастыруда, бұл режимнің палестиналықтарға   қарсы күнделікті қылмыстары, сондай-ақ езілген және төзімді Палестина халқына қарсы адам құқықтарының жүйелі түрде бұзылуында негізгі серіктес болып табылады»,- деп мәлімдеді.