Шіл 19, 2022 17:59 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Сирияға әскери шабуыл аймақ елдеріне зиян және лаңкестерге пайда әкеледі

Ислам революциясының жетекшісі Сирияның аумақтық тұтастығын сақтауға тоқталып: «Сирияның солтүстігіндегі кез келген әскери шабуыл міндетті түрде Түркияға, Сирияға және бүкіл аймаққа зиянын тигізіп, лаңкестерге пайда әкеледі»,- деді.

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, сейсенбі күні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған және онымен бірге келген делегациямен кездесуінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың, әсіресе сауда ынтымақтастығының артуына тоқталып, сионистік режимді исламдық елдер арасындағы келіспеушіліктердің негізгі себепшісі ретінде атап, АҚШ пен басып алушы режимнің палестиналықтардың терең қозғалысын тоқтата алмайтынын қуаттады. Ол Ислам үмбетінің абыройы мен ұлылығының талғамдағы келіспеушіліктерді жеңіп, жікке бөлетін саясаттардан қырағы болуына байланысты деп: «Аймақтағы келіспеушілік пен дұшпандық себептерінің бірі – АҚШ-тың да қолдауына ие сионистік режим»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Палестинаны ислам әлемінің басты мәселесі деп туып: «Кейбір үкіметтердің сионистік режимді қолдағанына қарамастан, халықтар бұл басып алушылар режиміне қатты қарсы»,- деп баса айтты. Ол АҚШ пен сионистік режимге сенім артпау керектігін  ескертіп: «Бүгінде сионистік режим де, Америка да, басқалар да палестиналықтардың терең қозғалысын тоқтата алмайды.  Түпкілікті нәтиже Палестина халқының игілігі үшін болады»,- деп сөзін жалғады.

Ислам революциясының жетекшісі Түркия президентінің лаңкестік топтармен күресу үшін Ираннан  ынтымақтастық ету туралы өтінішіне: «ИИР-ның терроризммен күресте Түркиямен ынтымақтастық ететіні сөзсіз»,- деп жауап берді. Аятолла Хаменеи Түркия мен шекарасының қауіпсіздігін Иранның қауіпсіздігі деп атап: «Түркия Сирияның қауіпсіздігін өзінің қауіпсіздігі деп санауы керек»,- деді.

 

Тегтер