Ислам революциясының жетекшісі: Америкалықтар Сириядағы Евфраттың шығысындағы аймақтан қуылуы керек
Ислам революциясының жетекшісі сейсенбі кешке Ресей Президенті Владимир Путин және онымен бірге келген делегациямен кездесуінде Сирия мәселесін өте маңызды атап: «Сириядағы тағы бір маңызды мәселе Евфраттың шығысындағы құнарлы және мұнайға бай аймақтарды американдықтардың басып алуы. Бұл мәселені америкалықтарды сол аймақтан шығару арқылы шешу керек»,- деді.
Діни жетекшінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи бұл кездесуде жаһандық оқиғалардың Иран мен Ресейдің өзара ынтымақтастығын үнемі артуға мұқтаждығын көрсететінін баса айтып, екі ел арасындағы көптеген, оның ішінде мұнай-газ секторындағы келісімдер соңына дейін қадағаланып, орындалуы керектігін қуаттады. Аятолла Хаменеи әсіресе Батыстың санкцияларынан кейін Иран мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығын екі ел үшін қажет және пайдалы деп санап, Украинадағы оқиғаларға қатысты: «Соғыс - қатал және қиын категория. Ислам республикасы қарапайым халықтың зардап шегетініне мүлде риза емес. Бірақ Украина жағдайында, егер сіз бастамасаңыз, қарсы тарап өз бастамасымен соғысты бастайтын еді»,- деп айтты. Ислам революциясы жетекшісі батыстықтардың күшті және тәуелсіз Ресейге толығымен қарсы екенін баса айтып, НАТО-ны қауіпті құрылым атап: «Егер НАТО-ға жол ашық болса, ол шекараны білмейді және егер ол Украинада тоқтатылмағанда, біраз уақыттан кейін Қырымды сылтауратып сол соғысты бастайтын еді»,- деді.
Аятолла Хаменеи: «Әрине, бүгінде Америка мен Батыс бұрынғыдан әлсіреді және үлкен күш пен шығынға қарамастан, олардың біздің аймақтағы, соның ішінде Сирия, Ирак, Ливан және Палестинада жүргізген саясаттарының табысы айтарлықтай төмендеді»,- деп мәлімдеді. Ол Сирия мәселесін өте маңызды деп атап, Ислам республикасының осы елге әскери шабуыл жасауға қарсы тұру ұстанымын және оның алдын алу қажеттігін баса айтып: «Сирия мәселесінде тағы бір маңызды мәселе - американдықтардың Евфраттың шығысындағы құнарлы және мұнайға бай аймақтарды басып алуы. Бұл мәселені америкалықтарды сол аймақтан шығару арқылы шешу керек»,- деп тоқталды. Аятолла Хаменеи сионистік режимнің аймақтың істеріне араласуын айыптап, Ресей президентінің сионистерге қарсы соңғы ұстанымдарын жоғары бағалады.
Ислам революиясының жетекшісі Ресей Президентінің «Рашт-Астара» теміржол желісін іске қосу қажеттігі туралы сөзін қуаттай отырып, бұл жұмысты Солтүстік-Оңтүстік тасымалдау желісін аяқтауға себеп болады және екі елге де пайдалы деп тапты. Аятолла Хаменеи Батыстың алдауына қарсы қырағылықты қажет деп: «Америкалықтар әрі күшті, әрі айлакер. Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауына әкелген факторлардың бірі АҚШ саясатына алдануы болды. Бірақ Ресей сіздің уақытыңызда өз тәуелсіздігін сақтап қалды»,- деді. Діни жетекші сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынаста ұлттық валюталарды алмастыру және доллардың орнына басқа валюталарды қолдану саясатын қуаттап: «Долларды жаһандық сауда жолынан бірте-бірте алып тастау керек және бұл жұмысты біртіндеп іске асыру мүмкін»,- деп сөзін жалғады.
Иран Президенті Ибрахим Раеси де қатысқан бұл кездесуде Путин Украинадағы оқиғаларға қатысты: «Ешкім соғысты жақтамайды және қарапайым адамдардың қаза болуы үлкен апат, бірақ Батыстың әрекеттері жауап қайтарудан басқа таңдау қалдырмады»»,- деп айтты. Ресей Президенті Ресей мен Украина арасындағы келіспеушіліктердің факторлары мен тамырына, әсіресе соңғы жылдардағы Батыс пен АҚШ-тың арандатушылық әрекеттеріне, оның ішінде Украинадағы төңкеріске, сондай-ақ Ресейге қарсы кез келген ілгерілеушілікке жол бермеу жөніндегі бұрынғы міндеттемелеріне қарамастан НАТО-ның кеңею саясатына тоқталып: «Кейбір еуропалық елдер «Украинаның НАТО-ға мүше болуына қарсымыз, бірақ американдық қысыммен келістік» деді, бұл олардың егемендігі мен тәуелсіздігінің жоқтығын көрсетеді»,- деді. Путин Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал-лейтенант Қасем Солейманидің өлтірілуін америкалықтардың зұлымдықтарының тағы бір мысалы деп атап, сөзінің тағы бір бөлігінде Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына тоқталып: «Бұл санкциялар Батысқа зиянын тигізеді және нәтижесінде мұнай бағасының өсуі және азық-түлік дағдарысы сияқты проблемалар туындады»,- деп мәлімдеді. Ресей Президенті АҚШ-тың басқа елдерге санкция салу және оларды тонау үшін долларды пайдалануына және бұл әрекеттін ақырында өздеріне зиян әкелетініне, сондай-ақ бұл валютаға деген жаһандық сенімнің әлсіреуіне және елдердің баламалы валюталарды қолдануына себеп болатынан назар аудартып: «Ресей мен Иран екі ел арасындағы қарым-қатынаста ұлттық валюталарды қолданудың жаңа жолдарын қарастыруда»,- деді. Путин екі елдің ынтымақтастығының барлық салалар мен жобаларда ілгерілеуде деп тауып: «Иран мен Ресей Сирияда лаңкестікпен бірлесіп күресіп жатыр, әскери салада екі ел арасындағы ынтымақтастықты және Қытаймен үшжақты ынтымақтастық пен маневрлерді дамытуға талпынудамыз»,- деп айтты.