Иранның сыртқы саудасы бір айда шамамен 6 миллиард долларды құрады; Санкциялардың әсері жоқ
ParsToday - Иран кедені осы жылдың фарвардин айында (20 наурыз-20 сәуір аралығы) елдің шикізаттық емес сыртқы саудасының құнын жариялады.
Иран кедені сейсенбі күнгі есебінде: «Иранның 1404 жылғы фарвардиндегі шикізаттық емес сыртқы саудасы 10 миллион 756 мың тоннаға жетіп, 5 миллиард 798 миллион долларды құрағанын хабарлады. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл есеп; «Иранның жалпы шикізаттық емес сыртқы саудасының 8 миллион 957 мың долларлы ұұраған 2 миллиард 942 миллион тоннасы экспортқа бөлінді»,- деп анықтады.
Есепке сәйкес, биылғы жылы фарвардиндегі тауарларды экспорттаудағы ең басты бағыттары Қытай (997 миллион доллар), Ирак (401 миллион доллар), БАӘ (395 миллион доллар), Түркия (189 миллион доллар), Ауғанстан (143 миллион доллар), Оман (140 миллион доллар) және Пәкістан (124 миллион доллар) болды.