Сардар Шекарчи: Парсы шығанағындағы әрекеттер бастамасы ирандық күштердің қолында
https://itolqyn.com/news/iran-i83122-Сардар_Шекарчи_Парсы_шығанағындағы_әрекеттер_бастамасы_ирандық_күштердің_қолында
ParsToday- Иран Қарулы күштерінің баспасөз өкілі: «Егер Иранның порттарына, айлақтарына және экономикалық орталықтарына шабуыл жасалса, Парсы шығанағындағы ешбір порт пен айлақ қауіпсіз қалмайды»,- деп ескертті.
(last modified 2026-03-12T03:40:35+00:00 )
Нау 12, 2026 09:55 Asia/Almaty
  • Сардар Шекарчи: Парсы шығанағындағы әрекеттер бастамасы ирандық күштердің қолында

ParsToday- Иран Қарулы күштерінің баспасөз өкілі: «Егер Иранның порттарына, айлақтарына және экономикалық орталықтарына шабуыл жасалса, Парсы шығанағындағы ешбір порт пен айлақ қауіпсіз қалмайды»,- деп ескертті.

ParsToday-дің хабарлауынша, Иран Қарулы күштерінің баспасөз өкілі, Сардар Абольфазл Шекарчи сәрсенбі күні АҚШ Орталық қолбасшылығының (CentCom)  басшысы Брэд Купердің қорқытуына реакция білдіріп: «Купер жақында Иранды қорқытып, «Сақшылар корпусы теңіз күштерінің кемелері Иранның экономикалық айлақтары мен порттарына жасырынған» деп мәлімдеген еді»,- деді.

Сардар Шекарчи CentCom басшысының бұл мәлімдемесін «өтірік» деп атап, «Сақышлар корпусы және Армия теңіз күштері халық пен экономикалық орталықтарда жасырынатындай емес, олар әлдеқайда қуатты»,- деп баса айтты.

Ол: «Бүгінгі таңда Парсы шығанағындағы әрекеттер бастамасы ирандық күштердің қолында. CentCom біздің экономикалық орталықтарымызды нысанаға алып, бейкүнә халыққа қарсы арнайы әрекет жасау үшін осы сылтауды айтуда», – деді.

Иран Қарулы күштерінің баспасөз өкілі көрші елдерді «америкалықтарға пана бермеуге және оларды шығарып жіберуге» шақырды.

Сардар Шекарчи: «Біз мұсылман халықтарының егемендігі мен ұлттық мүдделерін құрметтейміз, бірақ бүгін олардың мүдделері мен ресурстары американдықтардың жасырынатын орнына айналды», – деді.