Әлемдік оқиғалар Иран мен Ресейдің өзара ынтымақтастыққа мұқтаж екенін көрсетеді
(last modified Wed, 20 Jul 2022 13:49:07 GMT )
Шіл 20, 2022 19:49 Asia/Almaty
  • Әлемдік оқиғалар Иран мен Ресейдің өзара ынтымақтастыққа мұқтаж екенін көрсетеді

Ислам революциясының жетекшісі Ресей президентімен кездесуінде  әлемдік оқиғалардың Иран мен Ресей өзара ынтымақтастыққа көбірек мұқтаж екенін көрсететінін мәлімдеді.

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні кешке Ресей Президенті Владимир Путин және онымен бірге келген делегациямен кездесуінде Иран мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығы, әсіресе Батыс санкцияларынан кейін екі ел үшін де қажет және пайдалы деп тапты. Діни жетекші сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынаста ұлттық валюталарды алмастыру және доллардың орнына басқа валюталарды қолдану саясатын қуаттап: «Долларды жаһандық сауда жолынан бірте-бірте алып тастау керек және бұл жұмысты біртіндеп  іске асыру мүмкін»,- деп сөзін жалғады.

Халықаралық аренада біржақтылыққа қарсы Иран мен Ресейге  бейбіт ядролық бағдарлама мен Украина дағдарысы сынды тақараптарды сылтауратып Батыс, әсіресе АҚШ экономикалық санкциялар  салып отыр. Осыған қарамастан сауда қарым-қатынастарды дамыту, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты кеңейту және кейбір кедергілерді жою мен санкцияларды залалсыздандыру талпыныстары Иран мен Ресей билігінің күн тәртібінде шындап тұр. Иран Ислам Республикасы мен Ресейдің санкцияларды залалсыздандыру жоспарларының арасында SWIFT-тен тыс қаржылық транзакция жүйесін пайдалану және долларға балама валюталарды пайдалану қарастырылуда. Теһран мен Мәскеу осыған байланысты алдын ала келісімге келді және ол жақын арада жүзеге асады деп күтілуде.

Ресей Президенті Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде АҚШ-тың басқа елдерге санкция салу және оларды тонау үшін долларды  пайдалануына және бұл әрекеттін ақырында өздеріне зиян әкелетініне, сондай-ақ бұл валютаға деген жаһандық сенімнің әлсіреуіне және елдердің баламалы валюталарды қолдануына    себеп болатынан назар аудартып: «Ресей мен Иран екі ел арасындағы қарым-қатынаста ұлттық валюталарды қолданудың жаңа жолдарын қарастыруда»,- деді.

Аятолла Хаменеи де бұл кездесуде Сирия мәселесін өте маңызды деп атап, Ислам республикасының осы елге әскери шабуыл жасауға қарсы тұру ұстанымын және оның алдын алу қажеттігін баса айтып: «Сирия мәселесінде тағы бір маңызды мәселе - американдықтардың  Евфраттың шығысындағы құнарлы және мұнайға бай аймақтарды басып алуы. Бұл мәселені америкалықтарды сол аймақтан шығару арқылы шешу керек»,- деп тоқталды.

Мұнай мен газдың бай қорының және өмірлік маңызды және стратегиялық өткелдердің болуы Сирияның Евфраттың шығысындағы аймаққа немесе арал аймағын  ерекше және сезімтал етті. Бұл аймақтың Сирияның Иракпен географиялық байланысындағы рөлі, екінші жағынан Түркияның оңтүстігімен шекараластығы және онда күрдтердің болуы америкалықтардың Сирияның осы аймағына байыпты назар аударуының бір себебі болып табылады. Сириядағы американдық базалардың көпшілігі Евфраттың шығысындағы аймақта шоғырланған және маңызды  әль-Танф базасы да Сирия, Ирак және Иордания арасындағы шекаралық үшбұрышта орналасқан. Америка Құрама Штаттары бұл әскери қатысуын лаңкестердің қозғалысын ұйымдастыру, ұрланған сириялық мұнайды заңсыз тасымалдау және Башар Асадтың заңды үкіметінің екі жақтаушысы ретінде Ресей мен Иран Ислам Республикасына қысымды күшейту үшін пайдаланады. Әлбетте, ИИР-ның көзқарасы бойынша АҚШ күштерінің Сириядан шығарылуы қажет және бұл елдің аумақтық тұтастығы сақталуы керек. Иран да саяси шешімді Түркияның Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіздік мәселелерін азайтудың жалғыз шешімі деп санайды.

Ресей Президенті революцияның жоғарғы жетекшісінің Кавказ аймағына және Сирия мәселесіне,  әсіресе осы елдің солтүстігіндегі әскери шабуылға қарсы қатысты ұстанымдарын мақұлдап, өз елі мен Иранның ұстанымдарын бір-бірімен толық сәйкес келетініне тоқталып: «Евфрат өзенінің шығысындағы аймақ Сирия әскери күштерінің бақылауында болуы керек»,- деді.