Раиси: Сирия армиясы елдің барлық шекарасын бақылауы қажет
ИИР Президенті Сирия армиясының осы елдің барлық шекараларында бақылау ету керек және елдің ұлттық егемендігі құрметтелуі керек.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Теһранда Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Моқдадпен кездесіп, Сирия үкіметі мен халқына табыс пен амандық тілеп: «Болашақ бұл елдің халқының мүддесіне болады және Сирия халқының шыдамдылығы мен қарсыласуы осы ел мен аймақтың келешегін жарқын етеді»,- деді.
Фейсал Моқдад сондай-ақ Сирия президенті Башар Асадтың сәлемін Иран Президентіне жеткізіп, Астана отырысының Иранда өтуін жоғары бағалап, осы кездесудің жетістіктеріне ризалығын білдіріп: «ИИР Президенті мен Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы Теһран мен Дамаск арасындағы одақтастықты көрсетеді»,- деді.