Қалибаф: АҚШ Иранға қарсы күресу үшін мәдениет саласына инвестиция сала бастады
https://itolqyn.com/news/iran-i62732
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Өткен 40 жылда америкалықтар исламдық Иранды әскери жолмен жеңуге болмайтынын ұқты. Сол себепті мәдениет саласында наным-сенімдерді өзгертіп, басқаруға инвестиция салады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 25, 2022 18:24 Asia/Almaty
  • Қалибаф: АҚШ Иранға қарсы күресу үшін мәдениет саласына инвестиция сала бастады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Өткен 40 жылда америкалықтар исламдық Иранды әскери жолмен жеңуге болмайтынын ұқты. Сол себепті мәдениет саласында наным-сенімдерді өзгертіп, басқаруға инвестиция салады»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф дүйсенбі күні ИИР Мәдени өкілдерінің оныншы жиналысында: «Көптеген ойшылдар жуырда мәдениеттің маңыздылығына көз жеткізді. Ал ислам революциясы мәдениетке негізделген»,-деді.  

Қалибаф: «Мәдениет және исламдық бағдар ұйымы – құрани мәдениет, революция мәдениеті мен имам Хомейнидің (р.) саяси исламын тарататын орталық. Ол бар ықыласымен мәдени іс-шаралар атқарғысы келетін адамдарды анықтайтын жер болуы керек»,-деді.