Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: Қауіпсіздік камералары әзірге іске қосылмайды
(last modified Mon, 25 Jul 2022 16:12:46 GMT )
Шіл 25, 2022 22:12 Asia/Almaty
  • Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: Қауіпсіздік камералары әзірге іске қосылмайды

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: «Егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты айыптар сақталса, Иранның ядролық нысандарында қауіпсіздік камераларының болуына қисын жоқ»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Иранның АҚХА-мен әріптестігін жалғастыратыны туралы: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – Иран және 5+1 тобы келіссөзінің нәтижесі. Бірақ Батыс елдері ұрланған құжаттар негізінде Иранға айып тағуын жалғастырып келеді»,-деді.

Ислами Иранның ядролық бағдарламасына қарсы айтылған сөздерге өкініш білдіріп: «Исламдық Иран ешқашан АҚХА-мен үйлеспеген жасырын әрекеттер жасамайды, межеден тыс уран байытумен айналыспайды»,-деді.