Қалибаф: Иранға қарсы экономикалық соғыс нағыз соғыс алаңына айналды
(last modified Wed, 27 Jul 2022 10:55:22 GMT )
Шіл 27, 2022 16:55 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Иранға қарсы экономикалық соғыс нағыз соғыс алаңына айналды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Иранға қарсы жобаланған майдан бір шынайы соғыс алаңына айналды. Дұшпан түрлі салаларда талдау жасап, Иранның экономикасына соққы жасауды көздеп отыр»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф сәрсенбі күні Барлау министрлігінің құқықтық директорларының отырысында бұл ведомствоның ел қауіпсіздігін сақтаудағы әсерлі рөліне алғыс айтып, АҚШ пен сионистік режимнің аймақта Иранға қарсы әскери-қауіпсіздік шараларына тоқталып: «Дұшпанның жоспары басынан бастап Ислам революциясын түрлі әскери-қауіпсіздік салаларында қиындыққа ұшырату болды»,-деді.

Иранның Барлау министрі Исмаил Хатиб осы министрліктің маңызды міндетін лаңкестік және сионистік режимге қарсы күресу, елдің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы бүлдіргі әрекеттердің алдын алу деп атап: «Соңғы айларда сионистік режимнің қастандықтарына қарсы күресуден бөлек, осы режимге қарсы бірқатар сәтті әрекеттер жасады. Бұл ИИР-дің қауіпсіздік қуатын білдіреді»,-деді.