Раиси: Халықтың саяси белсендігі – ұлттық қүш-қуат пен қауіпсіздіктің ең маңызды факторы
(last modified Thu, 28 Jul 2022 09:41:47 GMT )
Шіл 28, 2022 15:41 Asia/Almaty

ИИР Президенті халықтың саяси белсендігін ұлттық қүш-қуат пен қауіпсіздіктің ең маңызды факторларының бірі деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси бейсенбі күні таңертең Иранның батысындағы Хамадан облысының Кабудараханг ауданы халқымен кездесуінде ұлттық қүш-қуат пен қауіпсіздіктің ең маңызды факторларының бірін мүмін халықтың саяси белсендігі екенін айтып: «Біз өзіміздің әскери күштеріміз бен қару-жарақтарымызды мақтан тұтамыз. Бірақ біздің ұлттық қуатымыздың ең маңызды факторы – әрдайым қолдау көрсететін халық»,-деді.

Раиси: «Ақ үйдің ақпарат хатшысы біз Ираннан жеңілдік деп айтты. Бұл жағдай Иран халқының  жеңісі мен сенімінің дұрыс екенін дәлелдейді»,-деді.