Раиси: Иран жеріне қол сұғуды көздеген кез келген әрекетке қатаң жауап беріледі
Иран Президенті: «Исламдық Иранға қол сұғуды көздеген кез келген әрекетке өкінтерлік қатаң жауап берілетінін бәрі білуі тиіс»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси Хамаданның шәһид Ноже базасындағы офицерлер және олардың жанұяларымен кездесуінде: «Исламдық Иранның қазіргі күш-қуатын ескерсек, тіпті осы жерге басып кіруді ойлаудың өзі адам миына кіріп шықпайды. Аймақ халықтары Иранның күш-қуатын мақтан тұтады. Сол себепті қауіпсіздік сезінеді»,-деді.
Раиси сондай-ақ Иран Қарулы күштерінің халықаралық суларда атқарып жатқан қызметінің маңыздылығына тоқталып, бұл миссияны қауіпсіздік пен күш-қуат тудыратын қызмет деп атап: «Қазір елімізде соғыс жоқ. Иран армиясы мен Сақшылар корпусы су тасқыны, жер сілкінісі мен коронавирус кезінде халыққа қызмет етеді. Бүгінде армия мен Сақшылар корпусы халықтың жанынан табылып келеді»,-деді.