Шіл 30, 2022 12:54 Asia/Almaty
  • Аятолла Хатами: Ирандық əйелдер исламдық хиджабпен барлық салаларда жарқырай көрінді

Теһран жұма намазының құтпагері: "Ирандық əйелдер исламдық хиджабпен ғылым, саясат, экономика мен басқару салаларында жарқырай көрінді",-деді.

Аятолла сейіт Ахмад Хатами хиджаб мəселесі, орамал тақпауды насихаттау жəне Батыс елдерінде осыған қатысты арандатушылыққа тоқталып: "Батыстың ойынша, əйел ақлақ жəне шариғат ережелерінен босап шықпайынша дамымайды. Бірақ олардың ойына керісінше Ислам революциясынан кейін Иранда басқаша жағдай орын алды. Ирандық əйелдер исламдық хиджабпен барлық салаларда жарқырай көрінді",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері Батыс мəдени орталықтарының хиджабтан арылуды насихаттап жатқанын айтып: "Дұшпан ирандық əйелдің хиджабына ашулы. Ол өз ашуын хиджабқа күмән тудыру арқылы көрсетіп отыр",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Ислам революциясының жетекшісімен кездескеніне тоқталып: "Аятолла Хаменеидің ұстанымы ізет-құрмет, хикмет пен мақсаттылыққа негізделген",-деді.

Тегтер