Раиси: Арбағин – аймақ пен әлемдегі халықаралық қарсыласу қозғалысының ошағы
https://itolqyn.com/news/iran-i62892
Иран Президенті "Хұсейн арбағині" орталық штабы мүшелерімен кездесуінде: "Арбағин – аймақ пен әлемдегі халықаралық қарсыласу қозғалысының ошағы",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 01, 2022 20:34 Asia/Almaty
  • Раиси: Арбағин – аймақ пен әлемдегі халықаралық қарсыласу қозғалысының ошағы

Иран Президенті "Хұсейн арбағині" орталық штабы мүшелерімен кездесуінде: "Арбағин – аймақ пен әлемдегі халықаралық қарсыласу қозғалысының ошағы",-деді.

Раиси "Хұсейн арбағині" орталық штабы мүшелерімен кездесуінде елдегі барлық органдар, ұйымдар мен министрліктердің осы рәсімді салтанатты түрде атап өту үшін жасап жатқан іс-шараларына алғыс айтып, Арбағинді Ашураны сақтап қалудың кепілі, Ашураны адамзат қоғамындағы барлық өзгерістердің символы деп атап: "Арбағин рәсімінің халықтық сипатын сақтап қалу және осы салада халықтың әлеуетін пайдалану өте маңызды",-деді.

Раиси Арбағин зияратшыларына тиісті қызмет көрсету үшін олардың сапарын тиімді басқару керегін айтып: "Иран үкіметі мен жауапты тұлғалар Хұсейн зияратшыларына жоғары деңгейде жағдай жасауға міндетті",-деді.