Алдағы аптада "Хайям" жерсерігі ғарышқа ұшырылады
(last modified Thu, 04 Aug 2022 12:32:02 GMT )
Там 04, 2022 18:32 Asia/Almaty
  • Алдағы аптада

Иранның ғарыш агенттігі алдағы аптада "Хайям" жерсерігінің ғарышқа ұшырылатынын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ғарыш агенттігі: "Ресеймен әріптестік аясында "Хайям" атты ирандық жерсерік алдағы аптада Қазақстанның "Байқоңыр" ғарыш стансасынан "Союз" жерсеріктасығышының көмегімен  ғарышқа ұшырылады",-деп хабарлады.  

"Хайям" жерсерігі Иранды спутниктік мағлұматтармен қамтамасыз етуде және ғарыш өнеркәсібінің қолданыс аясын дамытуда маңызды қадам болды. Иранның ғарыш агенттігіне тиесілі бұл жерсерік түрлі спектрде нақты тексерілген, сондықтан елдің түрлі салаларын цифрландыруға қолайлы инфрақұрылым болады.

Тегтер