Иран: Исламдық адам құқығы барлық адамдарға жақсырақ өмір сүруге мүмкіндік береді
https://itolqyn.com/news/iran-i63016-Иран_Исламдық_адам_құқығы_барлық_адамдарға_жақсырақ_өмір_сүруге_мүмкіндік_береді
Иранның Адам құқығын қорғау штабы өз мәлімдемесінде Исламдық адам құқығы мен қадір-қасиеті күніне орай: "Исламдық адам құқығы туралы дискурс барлық адамдарға жақсырақ өмір сүруге және бір-бірінің жанында тату әрі бейбіт тіршілік етуге мүмкіндік береді",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 05, 2022 18:27 Asia/Almaty
  • Иран: Исламдық адам құқығы барлық адамдарға жақсырақ өмір сүруге мүмкіндік береді

Иранның Адам құқығын қорғау штабы өз мәлімдемесінде Исламдық адам құқығы мен қадір-қасиеті күніне орай: "Исламдық адам құқығы туралы дискурс барлық адамдарға жақсырақ өмір сүруге және бір-бірінің жанында тату әрі бейбіт тіршілік етуге мүмкіндік береді",-деп мәлімдеді.

ИИР-ның бастамасымен 5 тамыз Исламдық адам құқығы туралы декларацияның бекітілген күні ретінде "Исламдық адам құқығы мен қадір-қасиеті күні" деп аталған. Ислам елдері жыл сайын осы күнді ұлттық деңгейде атап өтетін болды.

Иранның Адам құқығын қорғау штабының мәлімдемесінде: "Адам құқығын сақтау, орындау және жоғарылату – қазіргі заманда адамзат баласы алдында тұрған негізгі түйткілдердің бірі. Өйткені дүние жүзінде болған өзгерістер мен оқиғалар адамның қадір-қасиеті бүгінде басқа кезден көбірек қауіп-қатерге ұшырап отырғанын көрсетті",-делінген.