Қажы Әли Акбари: Жүйе басшылары елдің экономикасын келіссөздермен байланыстырмайды
(last modified Sat, 06 Aug 2022 09:39:33 GMT )
Там 06, 2022 15:39 Asia/Almaty
  • Қажы Әли Акбари: Жүйе басшылары елдің экономикасын келіссөздермен байланыстырмайды

Теһран жұма намазының құтпагері: «Жүйе басшылары елдің экономикасын келіссөздермен байланыстырмай, санкцияларды залалсыздандыру жолында жұмыс істеп жатыр»,-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері қажы Әли Акбари ядролық келіссөздер туралы: «Жуырда уран байыту циклінің қайта жанданғаны туралы қуанышты хабар естідік. Жауапты басшылар осы бағытта жұмыстарын жалғастырып, халықтың құқығын қорғай берсін»,-деді.

Қажы Әли Акбари: «Дұшпандарымызға, АҚШ-қа және келіссөз жүргізуші тараптарға айтарымыз: Иранды сынамаңыздар. Егер келіссөз жүргізгілеріңіз келсе, осы айбынды халықтың шарттарын қабылдаңыздар, шектен тыс талап етуді қойыңыздар»,-деп еске салды.