Ашура күні исламдық Иран хазірет Хұсейнді (ғ.) аза тұтып жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i63068
Ашура күні исламдық Иранның түкпір-түкпірінде азаттықтың қызыл жалауы желбіреп, хазірет Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімі өтіп жатыр.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 08, 2022 16:21 Asia/Almaty

Ашура күні исламдық Иранның түкпір-түкпірінде азаттықтың қызыл жалауы желбіреп, хазірет Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімі өтіп жатыр.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран халқы Ашура күні қолымен кеуде соғатын және шынжырмен арқа соғатын топтар құрып, Кербала шәһидтерін еске алып аза тұтады.

Үлкен-кіші, кәрі-жас, еркек-әйел түгелі аза тұту рәсіміне қатысып, хазірет Хұсейннің (ғ.) шәһид болғанын еске алып, кеуделерін ұрып жоқтайды.

Халық текие мен хұсейниелерде (діни орындар) адамзат баласы көрген қиындыққа қайғырып жылап, зұлымдықты даттап, Ашура күнінің рәсімін өткізеді.