Ашура күні Құм қаласында шетел азаматтарының қатысумен аза тұту рәсімі өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i63070-Ашура_күні_Құм_қаласында_шетел_азаматтарының_қатысумен_аза_тұту_рәсімі_өтті
Ашура күні Құм қаласындағы хазірет Масуме (ғ.) кесенесіне апарар көшелерде қала халқы, зияратшылар мен шетел азаматтарының қатысумен аза тұту рәсімі өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 08, 2022 16:35 Asia/Almaty

Ашура күні Құм қаласындағы хазірет Масуме (ғ.) кесенесіне апарар көшелерде қала халқы, зияратшылар мен шетел азаматтарының қатысумен аза тұту рәсімі өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні хазірет Масуме (ғ.) кесенесінде ирандықтар, шетел азаматтары, соның ішінде ауғандықтар мен нигериялықтардан тұратын аза тұту топтары имам Хұсейн (ғ.) мен оның серіктерін жоқтады.

Құм қаласында Ашура аза тұту рәсімінде африкалық және ауғандық тәліптер көп болды. Олар өздерінің діни дәстүрлеріне сәйкес имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтты.