Иран үкіметінің баспасөз өкілі: "Хайям" жерсерігінің тағы үш нұсқасы жасалады
(last modified Thu, 11 Aug 2022 12:28:32 GMT )
Там 11, 2022 18:28 Asia/Almaty
  • Иран үкіметінің баспасөз өкілі:

Иран үкіметінің баспасөз өкілі: "Ирандық ғалымдардың қатысуымен "Хайям" жерсерігінің тағы үш нұсқасын жасау үкіметтің күн тәртібіне қойылды",-деді.

Ресейдің әріптестігімен Иранда Хайям 2, 3, 4 жерсеріктерін жасау жоспарланып отыр.

"Хайям" жерсерігі Ресеймен бірлесе отырып, осы аптаның сейсенбі күні Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан Союз жерсеріктасығышының көмегімен ғарышқа ұшырылып, орбитаға орнатылды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран үкіметінің баспасөз өкілі Әли Бахадори Джахроми Твиттердегі жеке парақшасында: "Хайям" жерсерігі орбитаға сәтті орналастырылды",-деп жазды.

Бахадори Джахроми: "Иранның іргелі ғылымға негізделген компаниялары түрлі салаларда "Хайям" жерсерігінен келген суреттер мен мәліметтерді қолданатын болады",-деп жазды.

Тегтер