Иран үкіметінің баспасөз өкілі: "Хайям" жерсерігі қоршаған ортаға төнетін қатерлерді анықтау үшін қолданылады
Иран үкіметінің баспасөз өкілі: "Қоршаған ортаға төнетін қатерлерді анықтау, елдің шекарасы мен ауа райы өзгерістерін бақылау, пайдалы қазбалар іздеу "Хайям" жерсерігінің қызметтерінің қатарына жатады",-деді.
Әли Бахадори Джахроми сейсенбі күні Iran Press ақпарат агенттігі тілшісінің АҚШ Мемлекеттік департаментінің бір баспасөз өкілінің ирандық жерсерік тыңшылық жасауға қабілетті деген уәжіне қатысты сұрағына жауабында: "Хайям" жерсерігінің басты жұмысы – іргелі ғылымға негізделген компанияларға қажетті ғылыми мағлұматтарды талдау",-деді.
"Хайям" жерсерігі Ресеймен бірлесе отырып, сейсенбі 8 тамызда Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз" жерсеріктасығышының көмегімен ғарышқа ұшырылып, Жер орбитасына шығарылды.