Қалибаф: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында шектен тыс талап қоюға жол бермейміз
https://itolqyn.com/news/iran-i63334
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Егер қарсы тарап БҰҰ растаған келісім мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындамайтын болса, оларға шектен тыс талап қоюға жол бермейміз»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 19, 2022 14:41 Asia/Almaty
  • Қалибаф: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында шектен тыс талап қоюға жол бермейміз

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Егер қарсы тарап БҰҰ растаған келісім мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындамайтын болса, оларға шектен тыс талап қоюға жол бермейміз»,-деді.

Қалибаф: «АҚШ-тың бұрынғы үкіметі тұсында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан кейін сол кездегі президент Дональд Трамп өз міндеттемелерін орындамады. БҰҰ-ның растауына қарамастан, осы ұйымның қарарын аяқ асты етіп, Иранға қарсы санкцияларды одан ары арттырды»,-деді.

Қалибаф АҚШ-тың зорлық көрсетіп отырғанын айтып: «Егер бұл елге қарсы тұрмасақ, олар өздігінен икемге келмейді. Сондықтан осы салада күш-қуатымызды арттыруымыз керек»,-деді.