Амир Абдуллахиан Мали мемлекетімен әріптестікті дамыту керегін айтты
(last modified Wed, 24 Aug 2022 12:15:22 GMT )
Там 24, 2022 18:15 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Мали мемлекетімен әріптестікті дамыту керегін айтты

Иран Сыртқы істер министрі Мали уақытша үкіметінің басшысымен кездесуінде екіжақты әріптестікті дамыту керегін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Мали республикасының уақытша үкіметінің басшысы Ассими Гоитамен кездесуінде Иран мен Малидың ортақ ынтымақтастық комиссиясы аясында сауда-экономикалық әріптестікті дамытуға қатысты келісімдер жайлы баяндап: "Иран үкіметі Мали үкіметімен әсіресе сауда-экономикалық, қорғаныс және ғылыми-технологиялық салаларда әріптестікті дамытуға ниетті",-деді.

Ассими Гоита да осы кездесуде Иран басшыларының елдегі ғылыми және экономикалық дамуды сәтті басқаруын құнды тәжірибе деп бағалап,  екі елдің сауда-экономикалық  және ғылыми әріптестігін одан ары нығайтуды сұрады.