Там 24, 2022 22:08 Asia/Almaty
  • Ислами: Сионистік режим Иранның ядролық жұмыстарына қарсы психологиялық жəне лаңкестік бағдарлама дайындаған

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Сионистік режим Иранның бейбіт ядролық жұмыстарына қарсы психологиялық жəне лаңкестік бағдарлама дайындаған",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами сəрсенбі күні Министрлер кабинеті жиналысында тілшілерге берген сұхбатында: "Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына қарсы істер мен айыптаулар - сионистік режимнің қолдан жасағаны. 20 жыл бойы осы айыптауларды қайталап келеді",-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Ядролық қаруға ие террорист сионистік режим ИИР-ға айып таға алмайды. Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жəне 2015 жылғы халықаралық келісімде қабылданған шектеулер аясында бақылауды жалғастырады жəне бір артық не кем сөзге келіспейді",-деді.

Тегтер