Иран Мәжілісінің өкілдері Раисиге хатында: АҚШ-тың айласы мен кепілсіз уəделеріне сақ болыңыздар
https://itolqyn.com/news/iran-i63724-Иран_Мәжілісінің_өкілдері_Раисиге_хатында_АҚШ_тың_айласы_мен_кепілсіз_уəделеріне_сақ_болыңыздар
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің бір топ өкілі Мемлекет басшысына хат жолдап, АҚШ-тың айласы мен кепілсіз уəделеріне сақ болуға шақырды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 05, 2022 20:09 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің өкілдері Раисиге хатында: АҚШ-тың айласы мен кепілсіз уəделеріне сақ болыңыздар

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің бір топ өкілі Мемлекет басшысына хат жолдап, АҚШ-тың айласы мен кепілсіз уəделеріне сақ болуға шақырды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің баспасөз хатшысы сейіт Низамеддин Мусави əлеуметтік желідегі жеке парақшасында: "Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің бір топ өкілі Мемлекет басшысына жолдаған хатында Вена келіссөздерінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының шығындары қайталанбауы үшін АҚШ-тың құқықтық айласы мен кепілсіз уəделеріне өте сақ болуға шақырды",-деп жазды.