Раиси: Иранның саясаты – Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастықты арттыру
(last modified Wed, 07 Sep 2022 11:43:55 GMT )
Қыр 07, 2022 17:43 Asia/Almaty

ИИР Президенті: «Иран Ислам Республикасының саясаты әсіресе қолда бар түрлі мүмкіндіктерді ескере отырып, Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастық деңгейін арттыру болып табылады»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси сейсенбі күні Венесуэла президентінің арнайы өкілі әрі Көлік министрі Рамон Бласкеспен кездесуінде Теһран мен Каракас қарым-қатынасының кеңейіп, қарқынды дамып келе жатқанын мәлімдеді. Раиси: «Иран қиын кезеңдерде Венесуэланың досы болды. Біз Венесуэламен барлық салаларда, әсіресе сауда, энергетика, технология, ғылым және қорғаныс салаларында қарым-қатынасты кеңейтуге дайынбыз»,- деді.  

Рамон Бласкес Иранның техникалық және инженерлік мүмкіндіктеріне сілтеме жасап, екі елдің осы саладағы өзара іс-қимылдарын кеңейтуді талап етті.