Иран Ішкі істер министрі: Арбағин – ұлы ислам қоғамының бірлігі мен біртұтастығының символы
https://itolqyn.com/news/iran-i63884-Иран_Ішкі_істер_министрі_Арбағин_ұлы_ислам_қоғамының_бірлігі_мен_біртұтастығының_символы
Иран Ішкі істер министрі: «Имам Хұсейннің (ғ.) қырқы – ұлы ислам қоғамының бірлігі мен біртұтастығының символы»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 11, 2022 20:11 Asia/Almaty
  • Иран Ішкі істер министрі: Арбағин – ұлы ислам қоғамының бірлігі мен біртұтастығының символы

Иран Ішкі істер министрі: «Имам Хұсейннің (ғ.) қырқы – ұлы ислам қоғамының бірлігі мен біртұтастығының символы»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмед Вахиди жексенбі күні Тамарчин шекаралық бекетінде тілшілерге берген сұхбатында Арбағин шеруіне миллиондаған адамның қатысатынын айтып: «Имам Хұсейннің (ғ.) қырқына сүнниттердің белсенді қатысып, зияратшыларға қызмет ететін күркелер жасауы – өте құнды іс. Сүнниттер мен шиіттер арасында іріткі салушыларға мықты жауап болды»,-деді.

Вахиди Арбағин шеруіндегі Иран халқының бірлігі әлемдік үстемшілдерді тітіретіп отырғанын айтып: «Иран халқының имам Хұсейнге (ғ.) сүйіспеншілігі және үстемшілдікке қарсы тұруы Арбағин рәсімінде көрініс тапты»,-деді.