Ислам үмбетін жікке бөлу – тәкфиршілдер мен вахаббилердің мақсаты
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Тәкфирлік топтар мен вахаббилік ағымдар ислам үмбетін жікке бөлуді көздейді»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жұма күні Құм қаласында «Велаят» халықаралық арнасының кеңсесін аралаған кезде ислам үмбетінің дұшпандардың іріткі салу әрекеттерін залалсыздандыру үшін қырағы болу қажеттігін айтып: «Тәкфиршілдер мен вахаббилердің мұсылмандар арасына іріткі салуға ұмтылуы – өте маңызды мәселе. Бұған жіті көңіл аудару қажет»,-деді.
Лариджани тәкфирлік топтарды сүнниттердің көбісінің қабылдамайтынын айтып: «Ислам үмбеті белгілі бір болмыс-бітім мен мүдделерге ие. Ақиқат та сонда көрініс тапқан»,-деді.
Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы үстемшіл әрі зорлықшыл елдердің іріткі салушылықты өршітудегі рөліне тоқталып: «Бұл елдер қайшылықтардың ішінен өздеріне орын табуды көздейді»,-деп қуаттады.