Иран имам Хұсейннің (ғ.) қырқы – Арбағин күнінде аза тұтып жатыр
(last modified Sat, 17 Sep 2022 08:01:38 GMT )
Қыр 17, 2022 14:01 Asia/Almaty

Исламдық Иран имам Хұсейн мен оның сенімді серіктерінің (ғ.) шәһид болғанына қырық күн толған Арбағин күнін еске алып, аза тұтып жатыр.

Бүгін, сенбі х.қ.ж.с.б. 1444 жыл 20 сафар, сәйкесінше 2022 жыл 17 қыркүйек – әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хұсейн мен оның сенімді серіктерінің (ғ.) Кербала даласында шәһид болғанына қырық күн толғанын еске алатын күн.  

Әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде ИИР-дан миллиондаған зияратшы бұл күні Арбағин рәсіміне қатысу үшін Ирактың оңтүстігіндегі Кербала қаласына жиналды.

Жоқтау айту, қолмен кеуде соғу, шынжырмен арқаға ұру, имам Хұсейннің (ғ.) тұлғасы мен орны туралы сөз сөйлеу – Иранның мүмін әрі хұсейншіл халқының Арбағин түні мен күнінде атқаратын маңызды шараларының бірі.

Иран Телерадио бірлестігі Арбағин күніне орай барша мұсылмандарға, әсіресе әлем шиіттері мен азаттықты талап етушілерге көңіл айтады.