Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 17 Sep 2022 08:19:32 GMT )
Қыр 17, 2022 14:19 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: «Палестина мен Йемендегі қарсыласу – Ашура қозғалысының жалғасы»,-деп қуаттады.

Сейіт Мұхаммед Хасан Абуторабифард осы аптада Теһран университетінде өткен Теһран жұма намазының құтпаларында Арбағин күніне орай имам Хұсейн(ғ.) көтерілісінің философиясын түсіндіріп, оны Язидтің үстемшіл әрі диктаторлық жүйесін теріске шығару деп атап: «Йемен, Палестина мен басқа елдерге джиһадтық күштер жіберу – озбыр билеушілерге қарсы күресуге бағытталған Аба Абдуалланың жолын жалғастыру»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абуторабифард Арбағинді Ашура мектебі мен адам қалыптастыратын хұсейншіл медресеге ғашықтардың жиналатын күні деп атап: «Мәдениет тудырып, қоғам қалыптастыратын Арбағин рәсімі рухани және саяси-әлеуметтік жаттығу іспетті. Онда Исламның біртұтас үмбеті Аба Абдулла әл-Хұсейннің таухидтік тұлғасы мен Ашураның адам қалыптастыратын мектебінің төңірегіне топтасады»,-деді.