Қыр 17, 2022 21:18 Asia/Almaty

Иран Президенті Арбағин күнін Алланың мұғжизасы әрі мұсылмандардың біртұтастығы көріністерінің бірі деп атап: "Ашура әлі күнге дейін тірі, тірі болып қала береді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сенбі күні Теһранда өткен Арбағин шеруінде тілшілерге берген сұхбатында: "Арбағин – мұсылмандардың бірлігін көрсететін белгілердің бірі",-деді.

Иран Президенті: "Сондай-ақ Арбағин – исламдық қарсыласу қозғалысының көріністерінің бірі. Ашура әлі күнге дейін тірі, тірі болып қала береді",-деді.   

 

Тегтер