Иран Жоғары сотының төрағасы: Амини ханымның қазасы жіті тексерілетін болады
(last modified Mon, 19 Sep 2022 16:31:02 GMT )
Қыр 19, 2022 22:31 Asia/Almaty
  • Иран Жоғары сотының төрағасы: Амини ханымның қазасы жіті тексерілетін болады

Иран Жоғары сотының төрағасы: "Сот органы Махса Аминидің қазасын жіті әрі егжей-тегжейлі қарастыратын болады",-деді.

Теһран полиция басқармасының хабарлауынша, бейсенбі 15 қыркүйекте Тәртіп сақшыларының бір ғимаратына жеткізілген жас қыздың денсаулық жағдайы нашарлап кеткені туралы ақпарат таралғаннан кейін: "Теһран полициясының бір бөлімшесіне түсініктеме беру үшін әкелінген Махса Амини басқа адамдармен бірге тиісті нұсқау алды. Жүрек ауруына байланысты ол жедел түрде полиция қызметкерлерінің көмегімен ауруханаға жеткізілді. Бірақ, өкінішке қарай, көз жұмды",-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Жоғары сотының төрағасы Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи дүйсенбі күні осы органның Жоғары кеңесінің отырысында Махса Аминидің жанұясына: "Зертхананың нәтижесі келген соң тексеріс пен зерттеулердің нәтижесі бүкпесіз жарияланатын болады",-деп мәлімдеді.