Теһранда «Тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық мүмкіндіктер» халықаралық көрмесі мен конференциясы басталды
Қыр 20, 2022 17:32 Asia/Almaty
Бүгін, сейсенбі таңертең Теһранда тау-кен өнеркәсібі және минералдық өнеркәсібіндегі инвестициялық мүмкіндіктердің MINEX2022 11-ші халықаралық көрмесі мен конференциясы басталды
Бұл конференцияға Оңтүстік Африка, Германия, Қытай, Түркия, Ресей, Англия және Жапония сияқты 25 елдің инвесторлары мен елшілері қатысуда.
Иранның тау-кен және минералдық өнеркәсібіне инвестиция мүмкіндіктерін таныстыру, оның ішінде барлау, өндіру және өңдеу, соңғы әлемдік деңгейдегі жабдықтар мен технологияларды енгізу, ішкі және сыртқы стратегиялық қарым-қатынастар орнату, сондай-ақ өнеркәсіп пен университет арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл осы конференция мен көрменің мақсаттарының бірі болып табылады.
Тегтер